Жақсы ауданының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылдың мамыр айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша 2025 жылғы 18 сәуірге дейін «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік құқықтық бөлім басшысының міндетін атқарушы Кравец Арман Владимирович келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 21-5-06, 21-5-01.