Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар – кеңес

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша семинар – кеңес

24 тамызда Жақсы ауданында Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуды талдау бөлімінің басшысы - Данагүл Ғалиоллақызы Жұмабек мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.
Семинарға ЖАО, білім беру, денсаулық сақтау, ветеринария және мұрағат қызмет көрсетушілері қатысты.
Семинар-кеңес барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қажетті консультативтік – әдістемелік көмек алды.
Барлық түскен сұрақтарға қысқа мерзімде толық және нақты жауаптар берілді.
Семинар-кеңес өткізу кезеңінде қызмет көрсетушілерден барлығы 11 сұрақ түсті.