Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Әсел Кенжебекқызы Қызкенованың қатысуымен ауданның мемлекеттік мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы бойынша кеңес өтті

Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Әсел Кенжебекқызы Қызкенованың қатысуымен ауданның мемлекеттік мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы бойынша кеңес өтті

2022 жылғы 15 маусымда Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы – Әсел Кенжебекқызы Қызкенованың қатысуымен ауданның мемлекеттік мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысы бойынша кеңес өтті. Кездесудің модераторы Жақсы ауданы әкімінің орынбасары –Ләззат Шаншарханқызы Сейдахметова болды.
Отырыс барысында Ә.К. Қызкенова сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берді, ҚР ӘРПК, ҚР АК, ҚР ҚПК кейбір нормаларын талқыланды.
Іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары басшыларының, квазимемлекеттік секторлардың, ауданның қоғамдық Кеңесі төрағасының, аудан әкімі аппаратының басшысы мен жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар осы бағытта, жер қатынастары, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Сондай-ақ, халық пен өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ауыл аумағын абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар айтылды.