2022 жылдың күзгі-далалық жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдау

2022 жылдың күзгі-далалық жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша әлеуетті операторлардан өтінімдер қабылдау

Жақсы ауданының әкімдігі «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің 2022 жылғы 26 мамырдағы №06-28/1229 хатын негізге ала отырып, Жақсы ауданында күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік операторды анықтауға өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 мамырдан басталғанын хабарлайды. Өтінімдерді 2022 жылдың 31 мамырдан 19 маусымға дейін қабылданады. Өтінімтер «Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында мына мекенжай бойынша қабылданады: Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 3, немесе  Zhaksy_kanz@aqmola.gov.kz электрондық пошта мекенжайына.

Қатысушыларға (әлеуетті операторларға) келесі құжаттар пакетін ұсынуды ұсынылады:

  1. МӨЗ-ден мұнай базасына дейін отынды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен АЖС-тан босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары;
  2. Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
  3. Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екендігі туралы банктің анықтамасы;
  4. Мүлікке ауыртпалықтың жоқ екендігі туралы анықтама;
  5. Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екендігі туралы үзінді көшірме немесе    екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты;
  6. Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және  босатуға  арналған  мұнай  базаларының  болуы;
  7. Қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;
  8. Автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім ;
  9. Әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы «Жақсы ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ-не күн сайын ақпарат беруге міндетті;
  10. Дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.

Барлық сұрақтар бойынша «Жақсы ауданының ауылшаруашылық бөлімі» ММ-не Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружбы көшесі, 14 мекенжайы бойынша немесе 8 (71635) 2-10-71 телефоны арқылы хабарласуға болады.