Ақмолалық жастар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуда

Ақмолалық жастар Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысуда

Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге кандидаттардың құжаттарын қабылдау жүргізілуде. Оның құрамына 50 жас басқарушы енеді. Резервке жоғары білімі мен жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, жасы 35-тен аспаған Қазақстан Республикасының азаматы қабылдануы мүмкін.

Кадр резервіне енгісі келетін ақмолалықтардың арасында тәуелсіздіктің құрдастары бар, олар бүгінгі таңда әр түрлі салаларда еңбек етіп, айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, облыстың дамуына үлес қосуда.

Олардың ішінде – Балтабаев Абылай Шыңғысұлы, SD Entertainment продюсерлік орталығының негізін қалаушы әрі директоры, ТМД елдеріндегі TOП 100 DJ, үздік журналист, «Kokshe» телеарнасының таңғы бағдарламасын жүргізуші. Негізгі жұмысынан басқа, ол шығармашылықпен, жастарды ілгерілетумен, сонымен қатар продюсерлікпен және диджейлікпен айналысады, оған қоса «Жағыру жолы» бағдарламасының жетекшісі болып табылады.

          Абылай: «Әрине, Президенттік жастар кадр резерві әлемді жақсы жаққа өзгерткісі келетін, тек нәтиже үшін жұмыс істейтін команданың маңызды бөлігі болғысы келетін жас, өршіл және шығармашыл адамдарға үлкен перспективалар ашады. Мен өз бағымды сынап көргім келеді және өзін-өзі дамытуға дайын жас мамандарға сәттілік тілеймін!».

          «Аманат» еріктілер орталығының жетекшісі және Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің ректорының орынбасары Құсайынова Айжан Қорғанқызы да кадр резервіне үміткер. Айжанның екі жоғары білімі бар, еріктілер клубының негізін қалаушы ретінде ол жастарға білім береді, жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына барынша қолдау көрсетеді.

Айжан: «Мен басқаларға қол ұшымды беру жолын таңдадым, өйткені менің көмегіме мұқтаж адамдардың тағдыры мен үшін маңызды. Тәуелсіздіктің құрдасы ретінде мен алдымызда ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар үшін ризамын. Бұл жоба еліміздің дамуының катализаторы болуға және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуға дайын нағыз жауынгерлерді іріктеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін».

Президенттік жастар кадр резерві - бұл жастардың болашағына салынатын инвестиция, олардың әлеуетін барынша тиімді іске асыру мүмкіндігі.

 

Жазира Тоқтар, ҚР МҚІА Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы