Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады

Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқан қызметкерлерге қандай шаралар қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы уақытта бірқатар санаттағы адамдарды вакциналау бойынша міндетті талап болатынын білеміз. Бұл Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», - деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына. Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілік жеке тұлғалар үшін де (5 АЕК - 14 585 теңге), заңды тұлғалар үшін де қарастырылған. Жұмыс берушілер де бұл талаптарды орындамаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. «Әрбір жұмыс беруші мемлекеттік дәрігердің қаулысын қалай орындайтынын анықтауы керек. Біз үшін оның орындалуы маңызды», - деді Айжан Есмағамбетова.

https://www.coronavirus2020.kz/kz/vakcinaciya-men-ptr-testileuden-bas-tartkandarga-kanday-shara-koldanylady_a3804528