Медицина қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Медицина қызметкерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Аудан әкімі Б. Малғаждаров аудандық орталық аурухананың медицина қызметкерлерін келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Сондай – ақ, аудандық аурухананың лаборанты Аусеитова Әлия Қалиқызын, Қима дәрігерлік амбулаториясының жалпы практика дәрігері Есенова Ангелина Валерьевнаны алғыс хатпен марапаттап, барлық медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі қажырлы еңбегі үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық, бақыт және игі істеріне табыс тіледі.