«САНАЛЫ ҰРПАҚ»: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ МЕНШІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

«САНАЛЫ ҰРПАҚ»: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ МЕНШІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ

«Antikor ortalyǵy» алаңында «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі, қоғам қайраткері Қайыржан Токушев, Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Самира Тайтенова, өңірдің жеке меншік жоғары оқу орындары мен колледждері басшылығының, сондай-ақ «Саналы ұрпақ» студенттік клубтарының мүшелерінің қатысуымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті.

Кездесу барысында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің, Көкшетау қаласының Гуманитарлық-техникалық академиясының, Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжінің, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің өкілдері «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Қайыржан Тоқышев өз сөзінде мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының «Саналы ұрпақ» және «Адал ұрпақ» жобаларының кешенді жұмыс жоспарларын орындау бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесінің мекемелерімен бірлесіп, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және этикалық құндылықтарға тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәселелеріне адамдардың кең ауқымын тарта отырып, бұл жұмысты тұрақты негізде жалғастыру қажет», - деді ол.

Арман Бердалин атап өткендей, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық әрбір адамның өміріндегі басты құндылықтар болуы тиіс. Сондықтан студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті дарыту мәселесіне көп көңіл бөлу қажет.

Кеңес барысында қатысушылар пікір және ұсыныстар алмасты, сондай-ақ академиялық адалдықты қамтамасыз етуге және білім беру ортасында парасаттылық идеологиясын ілгерілетуге дайын екендіктерін білдірді.