Ауданның бас санитарлық дәрігерімен брифинг өтті

Ауданның бас санитарлық дәрігерімен брифинг өтті

Брифингке ауданның бас санитарлық дәрігері Тайғұлов Дамир Болатұлы қатысты. Дамир Болатұлы Жақсы ауданындағы эпидемиологиялық жағдай туралы тікелей эфирде айтты. Ауданның "қызыл аймақта" екені баршамызға мәлім. Тікелей эфир барысында аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, соның ішінде мониторингтік топтардың қызметі, қолданыстағы шектеу шаралары және өздерін және өз туыстарын коронавирустық инфекциядан қалай қорғау туралы. Сонымен қатар, брифингке жергілікті БАҚ қатысып, қойылған сұрақтарға жауап алды. Дамир Болатұлы жерлестерін шектеу шараларын сақтауға, қонаққа барудан бас тартуға, іс-шаралар өткізуге және көпшілік жиналатын орындарға бармауға шақырды.