"Жас ұлт - жарқын болашақтың бастауы"атты Жақсы ауданының жастар форумы өтті

"Жас ұлт - жарқын болашақтың бастауы"атты Жақсы ауданының жастар форумы өтті

30 қараша күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жыл сайынғы "Жас ұлт - жарқын болашақтың бастауы"атты Жақсы ауданының жастар форумы өтті.
Форумға Жақсы ауданының әкімі, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, түрлі қызмет салаларының жастары және еріктілер қатысты.
Форумның модераторы аудан әкімі Малғаждаров Бауыржан Бағдатұлы болды. Қазақстан жастары-елмен, Тәуелсіздікпен бірге өскен ұрпақ. Қазақстанның болашағы сіздердің біліміңізге, энергияңызға және патриотизмге байланысты. Біздің қазір жасап жатқанымыздың бәрі сіздердің болашақтарыңыз үшін, сіздердің өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық көлемде іске асыра алуларыңыз үшін жасалуда, - деп атап өтті Бауыржан Бағдатұлы.
Еріктілер жылында атқарылған жұмыстар туралы есепті МОО директоры Шарафутдинова Ю. сөз сөйледі.
Форумда ауданның жас белсенділері сөз сөйлеп, өздерінің жетістіктері туралы айтып берді. Форум қонағы "Kazakhstan Innovations" қоғамдық қорының төрайымы Мәриям Әбішева ZOOM арқылы сөз сөйледі
Іс-шара аудан дамуына үлкен үлес қосқан жастарды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттаумен жалғасты.
"Үздік ерік-2020", "Үздік еріктілер орталығы-2020" және "жастар және экология" байқауларының жеңімпаздары "үздік - эко жоба" және "үздік - эко волонтер"номинациялары бойынша марапатталды.
Форум соңында аудан жастарына арналған қарар қабылданды.