2026 жылғы 3 шілдеде аудан әкімдігінің отырысы өтті

2026 жылғы 3 шілдеде аудан әкімдігінің отырысы өтті

Әкімдік отырысына Жақсы ауданының маслихат төрағасы, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Жақсы ауданындағы жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысы туралы;
  2. Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.

Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.

Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жақсы ауданындағы жастарды қоса алғанда, халықтың көші-қонын төмендету жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру және қол жеткізілген нәтижелер туралы;
  2. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы емес жобаларға жеңілдікпен кредит беру жобаларын іске асыру және шөп дайындау жөніндегі жұмыстардың барысы туралы;
  3. Орындаушылық тәртіп және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау.