"Өзіңнен баста" экологиялық акциясы

"Өзіңнен баста" экологиялық акциясы

Тазалық әрқайсымыздан басталады: Жаңақима ауылында «Өзіңнен баста» экологиялық акциясы өтті
Ауқымды республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында және Экологтар күніне орай Жаңақима ауылдық округінде «Өзіңнен баста» атты кең көлемді экологиялық акция ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты — туған ауылымыз Жаңақиманың көшелерін қоқыстан тазартып, тәртіп орнату ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың назарын қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне аудару, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және әрбір азаматтың өз өлкесінің тазалығы үшін жеке жауапкершілігін арттыру болып табылады.