"Қазақтелеком" АҚ аудандық филиалының бастығы "Байланыс саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды

"Қазақтелеком" АҚ аудандық филиалының бастығы "Байланыс саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды

2026 жылғы 2 маусымда аудан әкімдігінің отырысында аудан әкімі Алмагүл Аманжолқызы Қадыралина «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалының бастығы Нұрлан Есетұлы Қуанышпаевқа Қазақстан Республикасы жасанды интеллект және цифрландыруды дамыту Министрлігінің «Байланыс саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.

Нұрлан Есетұлы көп жылғы адал еңбегі, байланыс саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі және жоғары кәсібилігі үшін жоғары ведомстволық марапатқа ие болды.

Нұрлан Есетұлын еңбек сіңірген наградасымен құттықтаймыз және ауданның цифрлық инфрақұрылымын дамыту үшін кәсіби қызметте одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз.