2026 жылғы 2 маусымда аудан әкімдігінің отырысы өтті

2026 жылғы 2 маусымда аудан әкімдігінің отырысы өтті

Әкімдік отырысына Жақсы ауданының маслихат төрағасы, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға дайындық, сондай-ақ шомылу кезеңінде қауіпсіздікті ұйымдастыру туралы;
  2. Жақсы ауданының жылыту маусымын аяқтау және жылумен жабдықтау объектілерін 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы;
  3. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру туралы.

2026 жылдың өткен кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы.

Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.

Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы;
  2. Жақсы ауданындағы жастарды қоса алғанда, халықтың көші-қонын төмендету жөніндегі Жол картасында көзделген іс-шараларды іске асыру және қол жеткізілген нәтижелер туралы;
  3. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен есептік кездесулер өткізу қорытындылары туралы. Сайлаушылар тізімдерін өзектендіру;
  4. Жақсы ауданының аумағында жұмылдыру туралы хабарлау бойынша жаттығулар өткізу туралы.