Білім беру бөлімінің бас маманы М.С. Тохашеваның қатысуымен "Пандемия кезінде білім беру жүйесінің жұмысын ұйымдастыру туралы" тақырыбында брифинг өтті. Брифингтің модераторы аудан әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметова болды. Тікелей эфир барысында БАҚ өкілдері, сондай-ақ тікелей эфир көрермендері қашықтықтан оқыту, ауданның шағын жинақты мектептерінің әрі қарайғы тағдыры, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру туралы және басқа да көптеген сұрақтар қойды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 24 қарашасында аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Л.В. Бруйдің қатысуымен "Орталық аудандық аурухананың провизорлық бөлімшелерінде жұмысты ұйымдастыру туралы" тақырыбында брифинг өтеді. Эфирге шығыңыз және сізді қызықтыратын сұрақтар қойыңыз.