Фитосанитариялық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесі

Фитосанитариялық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесі

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде аудан әкімінің төрағалығымен фитосанитариялық қауіпсіздік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларын сақтау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңесте келесі баяндамалар тыңдалды:
— аудан әкімінің орынбасары Қошығұлов Дәулет Оспанұлының зиянды және аса зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеулер жүргізу туралы;
— аудан әкімінің орынбасары Абжанов Олжас Аманбайұлының нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы тұруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру туралы;
— аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп бойынша уәкілі Бочарникова Ольга Фридриховнаның орындаушылық тәртіп пен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау туралы.

Кеңес нәтижесінде ұсынылған ақпараттар назарға алынды. Қатысушыларға көрсетілген бағыттардағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.