Жақсы ауылының әкімі сайланды

Жақсы ауылының әкімі сайланды

2026 жылғы 1 наурызда Жақсы ауылы әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың келуі 64,13 %-ды құрады (3217 сайлаушының 2063-і). Дауыс беру қорытындысы бойынша «Amanat» партиясынан ұсынылған Хаусылов Думан Мағузұлы Жақсы ауылының әкімі болып сайланды.

Аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 наурыздағы шешімімен Думан Мағузұлы Жақсы ауданы Жақсы ауылының әкімі ретінде тіркелді.

Хаусылов Думан Мағузұлы 1985 жылы Жақсы ауылында дүниеге келген, жоғары білімді, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2010 жылы бастап, әр жылдары аудандық бөлімдерде және ауыл әкімдері аппараттарында қызмет атқарды. 2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Запорожье ауылдық округінің әкімі болды.

Жаңа әкімге жауапты қызметінде табыс тілейміз.