Чапай ауылының әкімі сайланды

Чапай ауылының әкімі сайланды

2026 жылғы 1 наурызда Чапаевское ауылы әкімінің сайлауы өтті. Сайлаушылардың келуі 76,37 %-ды құрады (182 сайлаушының 139-ы). Дауыс беру қорытындысы бойынша «Amanat» партиясынан ұсынылған Жекебатырова Мария Жүсіпқызы Чапаевское ауылының әкімі болып сайланды.

Аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 2 наурыздағы шешімімен Мария Жүсіпқызы Жақсы ауданы Чапаевское ауылының әкімі ретінде тіркелді.

Жекебатырова Мария Жүсіпқызы 1972 жылы Қостанай облысында дүниеге келген, жоғары білімді педагог. Еңбек жолын мұғалім болып бастап, кейін Жақсы ауданы әкімдігі құрылымдарында және ішкі саясат саласында ұзақ жылдар қызмет атқарды. 2011–2022 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімін басқарды. 2022–2024 жылдары Жарқайың ауданы әкімінің орынбасары болды.

Жаңа әкімге жауапты қызметінде табыс тілейміз.