Подгорное ауылы әкімінің сайлау қорытындылары

Подгорное ауылы әкімінің сайлау қорытындылары

Кеше, ағымдағы жылдың 8 ақпанында Подгорное ауылының әкімі сайланды.
Сайлаушылардың қатысуы 80,6 % немесе 356 сайлаушының 287-сін құрады (барлығы – 356).
Сайлау бюллетеньдеріне 3 үміткер енгізілді (1 - «Аманат» партиясынан, 2 - өздігінен үміткер).
Дауыстарды санау нәтижесінде «Аманат» партиясынан Мажитова Гүлбану Құрманқызына – 181 сайлаушы (84,2 %) дауыс берді, өздігінен үміткер Қаңтарбаева Алтынай Сайлауқызына – 16 сайлаушы (7,4 %), өздігінен үміткер Күкімбаева Жазира Кенжебекқызына – 18 сайлаушы (8,4 %), «барлығына қарсы» дауыстар – 53 (18,5 %), жарамсыз деп танылған бюллетеньдер – 19 (6,6 %).
Дауыс беру нәтижесі бойынша ауыл әкімі болып – Мажитова Гүлбану Құрманқызы сайланды.
Гүлбану Құрманқызы, 1990 жылдың 28 наурызында Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында дүниеге келген, екі жоғары білімі бар: 2013 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін мал дәрігерлік медицина мамандығы бойынша бітірген; 2021 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Подгорное ауылы әкімінің аппаратының бас маманы лауазымынан бастаған.
2022 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін Подгорное ауылының әкімі болып қызмет еткен.
Ағымдағы жылдың 9 ақпанындағы АСК шешімімен Мажитова Гүлбану Құрманқызы Жақсы ауданының Подгорное ауылының әкімі ретінде тіркелді.