2026 жылдың 30 қаңтарында аудан әкімдігінің отырысы өтті.

2026 жылдың 30 қаңтарында аудан әкімдігінің отырысы өтті.

Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында осы мәселелер қаралды:
1. Жақсы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы;
2. Ауданда су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру барысы туралы.
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңес күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. «Кен Дала 2» кредиттеу бағдарламасы және форвардтық сатып алу шеңберінде берешекті өтеу;
2. Ауданда жаңа жұмыс орындарын құру және 2026 жылға арналған жоспарлар туралы.