Аудан әкімдігінің отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауыл және ауылдық округ әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ өкілдері шақырылды.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1.Инвестицияларды тарту бойынша қабылданатын шаралар және олардың тиімділігі туралы;
2.Жақсы ауданында автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын аяқтау және қысқы кезеңде оларды күтіп-ұстау бойынша қабылданған шаралар туралы.
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1.Желтоқсан айындағы мерекелерге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы;
2.Ауылдық елді мекендердегі ғимараттар мен басқа да нысандарды декоративтік безендіру жұмыстарын ұйымдастыру туралы;
3.«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру. Инвестициялар бойынша жылдық көрсеткіштердің орындалуы;
4.ЖТҮҚ арналған жер учаскесін алу туралы.
Отырыстың аяқталуында Ақмола облысының әкімі атынан «Қазақтелеком» АҚ Жақсы аудандық филиалының басшысы Қуанышпаев Нұрлан Есетовичке Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылдануына 35 жыл толуына орай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және мемлекеттiлiктi нығайтуға қосқан белсенді үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды.
Сондай-ақ Қазақстан статистикасының 105 жылдығына орай Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Ұлттық статистика бюросы Департаментінің грамоталарымен Жақсы ауылының әкімі – Калентионок Евгений Евгеньевич, Ешім ауылдық округінің әкімі – Борамбаева Диана Сайрановна, Тарасов ауылдық округінің әкімі – Құдайбергенова Құралай Қойшыбайқызы марапатталды.