Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шара өтті

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шара өтті

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іс-шара өтті

 

19 қараша күні сағат 15:00-де Ақмола облысы Жақсы ауданының Жастар ресурстық орталығында «Eco Project Fest» экологиялық жобалар байқауы өтті. Байқау ауданның белсенді және табиғатқа бейжай қарамайтын жастарын біріктірді.

Іс-шараның мақсаты – экологиялық ойлау мәдениетін дамыту, табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы инновациялық идеяларды қолдау және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Байқауға ауданның жастар бірнеше команда қатысып, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды бөлек жинау, көгалдандыру, пластик қалдықтарын азайту және экологиялық таза технологияларды күнделікті өмірге енгізу тақырыптарында өз жобаларын ұсынды.

Жобаларға қазылар алқасының мүшелері: Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Әбжанов Олжас Аманбайұлы және ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Төрткарина Айнаш Сұлтанқызы баға берді. Олар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін, ұсынылған идеялардың өзіндік ерекшелігін және олардың практикалық маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараның жалпы қамтылуы 100-ден астам адамды құрады. Ең үздік жобалар аудан аумағында жүзеге асыруға ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Eco Project Fest» байқауы Ақмола облысы жастары арасында экологиялық бастамаларды ілгерілету мен идеялар алмасудың дәстүрлі алаңына айналмақ.

Конкурс аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар қоршаған ортаны жақсартуға және өз жобаларының маңыздылығын растауға жеке үлестерін көрсете отырып, іргелес аумақты тазалау — жаппай экологиялық акцияға қатысты.

#ТазаҚазақстан #ЧистыйКазахстан #TazaQazaqstan #TazaChallenge