Құрметті жас маман!
Жоғарғы оқу орындарының түлектері оқуын аяқтағаннан кейін 1жыл ішінде аудандық және ауылдық деңгейінде төменгі мемлекеттік лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындалу мүмкіндігіне ие. Ол үшін жастарға екі шартты орындау қажет, біріншіден, мемлекеттік тапсырыс аясында жоғарғы білім алу, екіншіден GPA көрсеткіші кемінде 3,33 болуы тиіс.
Сізде конурсыз мемлекеттік қызметтегі белгілі бір бос лауазымдарды иеленуге мүмкіндік бар!
Егер сіз мемлекеттік білім беру гранты негізінде жоғарғы білім алып, (GPA көрсеткіші 3,33-тен төмен болмаса), диплом алғаннан кейін 1 жыл ішінде келесі әкімшілік мемлекеттік лауазымдады конкурстан тыс иелене аласыз:
-аудандық маңызы бар атқарушы органның басшы емес лауазымдары жергіліткі бюджеттен қаржыландырылады;
-аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымы;
Сіз сондай-ақ басқа ауылдарға, ауыл округтеріне қоныс аудару мүмкіндігін қарастыра аласыз – бұл жағдайда көтергіш жәрдемақы мен бюджеттік несиелеу арқылы жеңілдетілген тұрғын үй сатып алуға немесе алуға мүмкіндігіңіз бар.
Егер бұл ақпарат сізді қызықтырса, қосымша мәліметтералу үшін Жақсы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне 87163521202 телефоны арқылы хабарласа аласыз. Жұмыс уақыты: дс-жм, сағат 09:00-ден бастап, 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден бастап, 14:30-ға дейін.
Жақсы ауданының әкім аппараты