2025 жылдың 29 тамызында аудан әкімдігінің отырысы өтті.

2025 жылдың 29 тамызында аудан әкімдігінің отырысы өтті.

Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында мәселелер қаралды:
1. Жақсы ауданында егін жинау науқанына дайындық барысы туралы;
2. Жақсы ауданының жылумен жабдықтау объектілерінің 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы туралы.
Аудан әкімі ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жақсы аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы Болат Ғабдыжауатұлы Еркеевке ветеринариялық қызметкер күніне орай "Ауыл шаруашылық саласының үздігі" төсбелгісі мен куәлігін табыс етті.
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңес күн тәртібінде келесі мәселе қаралды:
1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы.