Кеңес барысында аудан статистика Басқармасының м.а. Ж. Нұрғалиеваның ақпараты тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша орындау үшін тиісті ұсынымдар берілді.
Ауыл шаруашылығы санағы — бұл аграрлық сектордың жай-күйі туралы сенімді ақпаратты жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған ауқымды статистикалық бақылау. Ол ауыл шаруашылығының негізгі аспектілерін қамтиды: егіс алқаптары, мал басы, шаруашылықтардың құрылымы мен типі, материалдық-техникалық жабдықтау деңгейі және саладағы халықтың жұмыспен қамтылуы.
Санақ 2025 жылы өткізіледі және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің барлық негізгі санаттарын қамтиды: заңды тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтары, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және балық шаруашылығы салаларындағы қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауылдық және қалалық жерлерде жеке қосалқы шаруашылықтар (ЖҚШ) (ауыл шаруашылығы қызметі жүйелі емес сипатта болатын республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары мен саяжай учаскелері ерекшелік болып табылады).
Деректерді жинау екі жолмен жүзеге асырылады:
* с 2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында — sanaq.gov.kz — веб-порталы арқылы (нысандарды өз бетінше толтыру);
* с 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін — онлайн-санақтан өтпеген ЖҚШ-ны интервьюерлермен жеке аралау кезінде.
Сонымен қатар, 2025 жылғы маусымда қалаларда респонденттердің іріктемесін қалыптастыру үшін листинг — алдын ала аралау жүргізілетін болады.
Ауыл шаруашылығы санағы – бұл әр шаруашылықтың елдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға қосқан үлесі.