Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Ф. Бочарникова Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ҚР АПК) нормаларын сақтау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Ф. Бочарникова Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ҚР АПК) нормаларын сақтау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2025 жылғы 9 маусымда ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Жақсы ауданы әкімі аппаратының басшысы О. Ф. Бочарникова "Жақсы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын сақтау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын жүргізді ҚР).

Кеңес барысында О. Ф. Бочарникова жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қарау және қабылдау кезінде әкімшілік рәсімдерді қатаң сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Тыңдау рәсімін өткізу тәртібін регламенттейтін ҚР АӨК 73-бабының талаптарына ерекше назар аударылды.

Жақсы ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы З.А. Шаматова "е-Өтініш"АЖ-да мәліметтердің бұрмалануына жол бермеу туралы назар аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарының сақталуын бақылауды күшейту бойынша ұсыныстар берілді.