Жақсы ауданында алғашқы коворкинг-центр ашылды

Жақсы ауданында алғашқы коворкинг-центр ашылды

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы еліміздің әр өңірінде қолдау тауып, жүзеге асып келеді. Заманауи үрдіс рухани жаңғырумен де сабақтасып отыр. Бүгінде цифрландыру кітапханалар жүйесіне де келіп жетті. Іске асып отырған жобаның мақсаты - еліміздегі кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құрып, бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастыру.
Бүгін,2020 жылдың 30 қыркүйегінде Жақсы ауданында алғашқы Коворкинг-орталығының тұсаукесері өтті. Аудандық кітапхана базасында ашылған орталық заман талабына сай жабдықталған. Сондай-ақ, оқырмандардың бос уақыттарын тиімді өткізуіне барлық жағдай жасалған. Айта кетсе, орталық қажетті жиһаз, теледидар,компьютер,сканер,принтерлермен қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта кітапхана жастарға арналған қызықты лекциялар, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамаларды жаңа деңгейде өткізуге мүмкіндік алады. Бұл рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы.Бұл- жаңару мен жаңғыруға бастаған үлкен қадам. Кітапхана тек қызмет көрсету мекемесі емес, заман талабына сай зияткерлік демалыс орнына айналуы тиіс. Ашылған орталық осының айғағы. Жаңа коворкинг-орталығының қызыл таспасын аудан әкімі Бауыржан Бағдатұлы Малғаждаров пен Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Талғат Қайыркенұлы Ибраев кесті. Іс-шараның құрметті қонақтары бастамаға оң баталарын беріп, кітапхана қызметінің жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді. Салтанатты іс-шараға ауданымыздың зиялы қауым өкілдері мен жастары шақырылды. Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып,өткізілді.