Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында мәселелер қаралды:
1. Жақсы ауданының автомобиль жолдарын салу және жөндеу барысы туралы;
2. Білім беру объектілерін Жаңа 2025-2026 оқу жылының басталуына дайындау туралы.
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңес күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы;
2. Аудан аумағындағы "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Кодексінің нормаларын бұзу туралы аудан прокуратурасының ұсынысын қарау.