Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
Тіл саясаты
комитеті төрағасының
2025 жылғы «___» ____________
№___ бұйрығына 4-қосымша
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын
ұйымдастыру және өткізу
ережесі
- Жалпы ережелер
- «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) байқауға қатысу және жеңімпаздарды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
- Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілдегі жарнама мәтінін сауатты ресімдеу жолдарын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қадағалау.
- Байқаудың міндеті - республика (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, аудан/қала, ауыл) аумағындағы масс-медиада жарияланатын квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандарды, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтарды ынталандыру.
- Байқауды ұйымдастыру тәртібі
- Байқауды ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті (бұдан әрі – Комитет).
- Байқау жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен өткізіледі.
- Байқау аясында қоғаммен, квазимемлекеттік сектормен, жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен (шағын, орта және ірі бизнес) байланыс орнатылады.
- Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2025 жылғы 1 сәуірге дейін Комитеттің, жергілікті атқарушы органдардың (облыс, қала, аудан, ауыл) интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына орналастырылады.
- Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды.
Қазылар алқасының құрамына бес адамнан тұратын филолог ғалымдар, қоғам белсенділері, журналистер кіреді.
- Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардан түскен материалдар негізінде ашық дауыс беру арқылы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
- Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді және оған қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды.
- Байқауға қатысу тәртібі
- Байқауға квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар қатыса алады.
- Байқауға қатысушылар:
1) Ережеге қосымша берілген нысанда Байқауға қатысуға өтінімді:
2) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар 2024 жылдың 1 қазанынан кейін әзірлеген және аударған жарнама мәтіндерінің тізбесін;
3) тауар өндіруші:
- өзі шығаратын барлық тауарлардың толық тізбесін және тізбеге қоса арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмалардың (этикеткалардың), таңбаламалардың, нұсқаулықтардың фотосуреттерін;
- ғимараттта немесе тұрғынжайда орналастырылған хабарландырудың, жарнаманың, прейскуранттың, баға көрсеткiшінің, ас мәзірінің, нұсқағыштың және басқа да көрнекi ақпараттың фотосуреттерін;
4) азаматтар жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуын қадағалап, тіл нормасы бұзылып ресімделген жарнамаларды, деректемелер мен көрнекі ақпаратты және стильдік қатемен берілген аудио/ бейнежарнамаларды анықтап, ұсыныс беру арқылы түзетілген жұмыстарды жинақтап, дәлелдейтін құжаттарды (масс-медиадағы жарнамалардың сілтемелері немесе скриншоттары, баннер немесе билбордтағы фотосурет, келісілген жарнама үлгілері, жарнама мәтінінің түзетілгенін растайтын дейін/кейін фотоесеп және тағы басқа құжаттар) жолдауы керек.
- Байқауға қатысу үшін өтінімдер 2025 жылғы:
- 1 маусымға дейін ауылдық округ әкімдігіне;
- 1 шілдеге дейін аудандық/қалалық әкімдіктің тіл саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелеріне;
- 1 тамызға дейін облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдігіне қарасты тіл саясатын іске асыратын құрылымдық бөлімшелеріне;
- 1 қыркүйекке дейін Комитетке тапсырылуы қажет.
- Жергілікті атқарушы органдар:
1) Байқауға қатысқан квазимемлекеттік сектордың, кәсіпкерлік субъектілердің (шағын, орта және ірі бизнес) жарнама мәтінін әзірлейтін мамандар, өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілер және заң талаптарына қайшы орналастырылған жарнама мәтіндерін анықтап, түзету жұмыстарына атсалысып жүрген азаматтар арасынан жеңімпаздарды анықтауы;
2) Жоғары тұрған органға жеңімпаз туралы мәліметті 13-тармақта көрсетілген мерзімде ұсынуы;
3) Облыстық, республикалық маңызы бар қала деңгейіндегі Байқау жеңімпаздары туралы мәліметтерді (қатысушының жеке куәлігі, жұмыс орнынан анықтама) және олардың жұмысын Комитетке 2025 жылғы 29 тамыз сағат
24.00-ге дейін ұсынуы қажет.
- Байқау қорытындысы
- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және Комитет бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
- Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін 10 күн ішінде Комитеттің ресми интернет-ресурсына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына орналастырылады.
Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-27-84, 74-03-42, 74-03-25.
+7 7772638171.
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауын ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
1-нысан
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
- Кәсіпкерлік субъектісінің атауы____________________________________
- Мекенжайы______________________________________________
- Байланыс телефондары_____________________________________
- Қосымша ақпарат ________________________________________
Басшының қолы
Күні
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауын ұйымдастыру
және өткізу ережесіне қосымша
2-нысан
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі»
республикалық байқауына қатысуға
өтінім
- Т.А.Ә. __________________________________________________
- Жасы ___________________________________________________
- Білімі___________________________________________________
- Қызметі__________________________________________________
- Мекенжайы______________________________________________
- Байланыс телефондары_____________________________________
- Қосымша ақпарат ________________________________________
Қолы
Күні