2025 жылғы 30 мамырда Жақсы ауылында халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған "Халық заңгері" республикалық акциясы өтті.
Іс-шара аясында азаматтар прокурордың орынбасарынан, адвокаттардан, нотариустан, жеке сот орындаушысынан, сондай-ақ Жақсы ауданының мемлекеттік кірістер басқармасы мен жергілікті атқарушы органдарының мамандарынан білікті кеңестер алды.
Ауыл тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық көмек ала алды.
Келіп түскен өтініштердің ең көп саны әлеуметтік жәрдемақы алуға, мұраны ресімдеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы проблемаларға және жеке кәсіпкерлікті тіркеуге қатысты болды.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға ықпал етеді.
Акцияның барлық қатысушыларына қатысқаны үшін алғыс айтамыз!