2025 жылғы 29 мамырда аудан әкімдігінің отырысы өтті.

2025 жылғы 29 мамырда аудан әкімдігінің отырысы өтті.

Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды.Отырыс барысында мәселелер қаралды:
1. Жақсы ауданының жылыту маусымын аяқтау және жылумен жабдықтау объектілерін 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы;
2. Жақсы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы.
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңес күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Жақсы ауданын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу туралы;
2. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында халықпен есептік кездесулер өткізу қорытындылары туралы. Орындаушылық тәртіп және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау;
3. Бюджет кодексінің жаңалықтарын түсіндіру.