Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкімінің
сайлауын 2022 жылғы 20 ақпанына тағайындау туралы
хабарламасы
«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына, Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 3/34 «Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің сайлауы туралы» қаулысына сәйкес 2022 жылдың 20 ақпанына Подгорное ауылы әкімінің сайлауы тағайындалсын.
Сонымен қатар, Подгорное ауылы әкімінің сайлауын дайындау және өткізу туралы негізгі іс-шараларының Күнтізбелік жоспары бекітілген, ол аудандық аумақтық сайлау комиссиясының (https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmolazhaksy/activities/9410?lang=kk) интернет-парақшасында жарияланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Қазақстан Республикасы
Ақмола облысы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 21 қаңтардағы
№ 2/33 қаулыға қосымша
Қазақстан Республикасы Ақмола облысы Жақсы ауданы
Подгорное ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу
жөніндегі негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспары
1. Жақсы ауданы Подгорное ауылы әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау |
|
|
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылдың 21 қаңтарында (113-1-б. 3-т.)
|
2. Сайлау округінің тізімін, оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей (22-б.)
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2022 жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
4. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2022 жылдың 05 ақпанынан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
5. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2022 жылдың 05 ақпанынан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 04 ақпаны сағат 18.00 –де жергілікті уақытымен аяқталады (113-3-б. 1-т.)
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.)
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 7-т.)
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 2022 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі әрбір ұсынылған кандидат үшін |
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2022 жылғы 1 қаңтарға) |
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күнінен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап 2022 жылдың 09 ақпанында сағат 18.00 – де жергілікті уақытында аяқталады
(113-5-б.) |
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күнінен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Үгіт басталғанға дейін- 2022 жылдың 08 ақпанға дейін (28-б. 6-т.) |
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
2022 жылдың 09 ақпаны сағат 18.00 жергілікті уақыттан бастап 2022 жылдың 19 ақпанына нөл сағатта жергілікті уақытында аяқталады. (27-б. 2-т.)
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын
2022 жылдың 31 қаңтарына дейін (24-б. 5-т.)
|
20. Сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда
2022 жылдың 05 ақпанынан бастап (26-б. 1-т.)
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей
2022 жылдың 10 ақпанына дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2022 жылдың 17 ақпанынан бастап 2022 жылдың 19 ақпанына дейін кешіктірмей. (37-б. 3-т.) |
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2022 жылғы 20 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-да (40-б. 1-т.) |
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ға дейін (38-б. 1-т.) |
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-да басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
Учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей
2022 жылдың 23 ақпанынан кешіктірмей (113-10-б.) |
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей
2022 жылдың 23 ақпанынан кешіктірмей (44-б.) |
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2022 жылдың 26 ақпанынан кешіктірмей
(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |