Меню

Страницы

Статья

VII шақырылым Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

VII шақырылым Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарлама

 

2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын Жақсы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

 Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 11810 азамат енгізіліп, оның ішінде 9790 адам немесе 82,9 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

 Дауыс беруге 9594 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 42 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 356 сайлаушы дауыс берді.

 Сайлауға 4 Саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

"Nur Otan" партиясы- 7513 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,63 пайызы;

"Ақ жол" демократиялық партиясы-859 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,1 пайызы;

Қазақстан Халық партиясы- 858 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,09 пайызы;

 "ADAL" саяси партиясы - 205 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,17 пайызы.

 Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар белгіленді:

Қазақстан Халық партиясы - 1 мандат;

"Nur Otan" партиясы - 9 мандат;

 "Ақ жол" демократиялық партиясы - 1 мандат.

 

 

Жақсы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы                                                     Р. Тлепова

 

 

Дата публикации
12 января 2021
Дата обновления
12 января 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

07 апреля 2026
2026 жылдың 31 наурызында Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің жанындағы «Жақсы су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының директоры Я.Р.Зейналов ұжыммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
02 апреля 2026
2026 жылғы 2 сәуірде Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссияның отырысы өткізілді
Ақпарат
01 апреля 2026
Әдеп жөніндегі уәкілімен Белағаш және Подгорное ауылдары әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша кезекті жоспарлы іс-шара өткізді

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты