2024 жылғы 08 желтоқсанда өткен Жақсы аудандық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 08 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Жақсы аудандық мәслихатынан шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 667 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 570 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 8 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жақсы аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 1 сайлау округі бойынша
-Бойко Василий Васильевич үшін сайлаушылардың 436 дауысы берілді,
-Кенжетаев Бақытжан Темірбекұлы үшін сайлаушылардың 51 дауысы берілді,
-Цын Сергей Анатольевич үшін сайлаушылардың 62 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 16.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жақсы аудандық мәслихаттың депутаты болып:
№ 1 сайлау округі бойынша – Бойко Василий Васильевич, 1986 жылы туған, «Труд» ЖШС директоры, Жақсы аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы