Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары
және сайлау алдындағы үгіттің басталғаны туралы
2023 жылғы 5 қарашада өтетін Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімді сайлау бойынша сайлау науқаны аясында а.ж. 10 қазанында сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 10 қазанда сағат 18.00-де басталып, 4 қарашада сағат 00.00-де аяқталады.
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:
1) Жақсы ауылы - аудандық мәдениет Үйінің көрермендер залы
2) Чапай ауылы - «Шункырколь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдық мәдениет Үйінің көрермендер залы
3) Киров ауылы - ауылдық мәдениет Үйінің көрермендер залы
4) Новокиенка ауылы - «Новокиенка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің халықтың бос уақытын өткізу орталығының көрермендер залы
5) Белағаш ауылы - ауылдық мәдениет Үйінің акт залы
6) Подгорное ауылы - ауылдық мәдениет Үйінің көрермендер залы
7) Жаңа Қима ауылы - ауылдық мәдениет Үйінің көрермендер залы
8) Киев ауылы - мәдениет Үйінің көрермен залы
Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жасайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін келесі орындар анықталды:
- Алғабас ауылы - Садвакасов көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Алғабас ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)
- Баяғыз ауылы - Центральная көшесі ("Агрофирма – "Астана Т.А.Н." жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесі ғимаратының оң жағында)
- Белағаш ауылы - Береке көшесі ("Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Беловод ауылы - Школьная көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловод ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Ешім ауылы - Баубек Батыр көшесі ("Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Жақсы ауылы - Абай көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының оқушылар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Жақсы ауылы - Дружбы көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының оң жағында)
- Жақсы ауылы - Сейітжан Жaкупов көшесі ("ҚТЖ – Жүк тасымалы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Жақсы бекетінің темір жол вокзалы ғимаратының сол жағында)
- Жаңа Қийма ауылы - 30 лет Победы көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)
- Запорожье ауылы - Мира көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)
- Калинин ауылы - Калинин көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Калининское ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)
- Киев ауылы - Ленин көшесі ("Труд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің халықтың мәдени-демалыс орталығы ғимаратының оң жағында)
- Киров ауылы - Киров көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жағында)
- Қайрақты ауылы - Стадионная көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлім Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын орталығы ғимаратының оң жағында)
- Қийма ауылы - Киров көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мектеп жанындағы клубы ғимаратының сол жағында)
- Лозовое ауылы - Школьная көшесі (Жақсы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы "Аудандық мәдениет Үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)
- Монастырка ауылы - Тауасар көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Монастырка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Моховое ауылы - Сәкен Сейфуллин көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Моховое ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында)
- Новокиенка ауылы - Победа көшесі ("Новокиенка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының сол жағында)
- Перекатное ауылы - Киров көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Подгорное ауылы - Школьная көшесі ("Подгорное-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің наубайхана ғимаратының сол жағында)
- Тарасовка ауылы - Зеленая көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Тарасовка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Терісаққан ауылы - Майкутов көшесі ("Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Терісаққан ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында)
- Чапай ауылы - Горький көшесі ("Шункырколь" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жағында)
Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімдігіне кандидаттарды
ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
(2023 жылғы 5 қарашадағы сайлау)
*
2023 жылғы 10 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша
|
№
р/б
|
Аты, әкесінің аты, тегі
|
Туған жылы
|
жұмыс орны және тұрғылықты жері
|
кім ұсынды немесе өзін-өзі ұсыну тәртібімен
|
|
1.
|
Жумагулов Рустем Сапаргалиевич
|
1975 ж.
|
«Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің аппараты» ММ, Жақсы ауданы Чапай ауылы
|
өзін-өзі ұсыну тәртібімен
|
|
2.
|
Кадралина Алмагуль Аманжоловна
|
1978 ж.
|
«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты» ММ, Жақсы ауданы Жақсы ауылы
|
«AMANAT» партиясы
|
|
3.
|
Оспанов Ербол Амангельдыевич
|
1989 ж.
|
«Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқарамасы» ММ, Көкшетау қаласы
|
өзін-өзі ұсыну тәртібімен
|