ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

 

         Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімін сайлау 2026 жылғы 14 маусымда   бір сайлау округі бойынша өтті.

          Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жақсы ауданы Белағаш ауылының әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

        

  

Белағаш ауылының әкімін сайлау бойынша

Белағаш сайлау округі:

 

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 527 азамат енгізілді, олардың 408 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 8, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған -10.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Әубакіров А.А. – 315; Жетекенова Б.Т.– 38; Мұханбетжанова Г.Е.– 37.

        Белағаш ауылының әкімі болып  Әубакіров Аталық Аманжолұлы сайланды, 1988 жылы туған, «Байлык» шаруашылық қожалығының далалық бригадасының бригадирі, Подгорное ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы арқылы ұсынылды.

          

 

             Жақсы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2026 жылғы 15 маусымдағы шешімімен 2026 жылғы 14 маусымда Жақсы ауданы Белағаш ауылының сайланған әкімін тіркеді.

 

 

 

 Жақсы аудандық сайлау комиссиясы

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
15 июня 2026