Дауылды ескерту

Дауылды ескерту

Зеренді, Астрахан, Сандықтау, Атбасар, Бұланды және Жақсы аудандарында ылғалға қаныққан қар жамылғысының және мұз қабықшасының болуына, сондай-ақ ауа температурасының 20°С дейін жоғарлану болжамына байланысты 2024 жылдың 3-6 сәуір аралығында Жабай, Қалқұтан (Колутон) өзендерінде, олардың бүйірлік және жоғары ағысынан еріген қар ағынының неғұрлым қарқынды қалыптасуы және мұз қабатының бұзылуы күтілуде.

Мұз және сең кептелістері құбылыстарының әсерінен су деңгейінің қауіпті деңгейге дейін күрт көтерілуі, асып кетуі және судың өзен жағасынан шығуы күтілуде.

Ескертпе: қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады