
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті Жақсы ауданының тұрғындары!
2026 жылдың 25 тамызында сағат 10.00 – де Жақсы ауылының аудандық Мәдениет үйі ғимаратында «Ашық есік күні» өтеді.
Шара аясында Жақсы ауданының әкімі Алмагүл Аманжолқызы Қадыралинаның азаматтарды жеке қабылдауы ұйымдастырылады.
Сондай – ақ азаматтарды ауданның атқарушы органдарының, ауданның аумақтық органдары мен қызметтерінің басшылары қабылдайды.
Сіздердің толғандырған сұрақтарыңызбен жүгінуге, түсіндірме алуға және ұсыныстарыңызды енгізуге мұмкіндіктеріңіз болады.
Жеке қабылдауға қатысу үшін іс-шара өтетін күні келуге немесе жұмыс телефондары арқылы алдын ала жазылуға болады: 21-2-61, 21-3-61.
Барлық тілек білдірушілерді күтеміз!