Бүгін Зеренді ауданы әкімінің міндетін атқарушы А.Ахмедьянов аудан прокуроры Д. Асқармен бірлесе Садовый ауылдық округінің тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сондай-ақ алдағы уақыттағы жоспарлар – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және аумақты одан әрі дамыту туралы баяндалды.