2025 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

2025 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Еңбек Жолы» конкурсына қатысу үшін үміткерлерден өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

 Конкурстың өңірлік кезеңіне мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, салаға қарамастан кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады.

 

Конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдар негізінде конкурс жеңімпаздарын анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар мынадай номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

 

1) Үздік еңбек әулеті – бұл номинацияда ең ұзақ еңбек өтілі, ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.

 

Еңбек әулеті – бір отбасының жақын туыстарының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және осы кәсіпорында жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл болатын бір ұйымның жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған еңбек әулетінің өкілі әулеттің басшысы болып танылады.

 

Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс;

 

2) Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері – бұл номинацияда кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады.

 

3) Өндірістің үздік жас маманы – бұл номинацияда жұмыс өтілі                   5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;

 

 Байқауға қатысушылар келесі материалдарды ұсынуы керек:

 

  1. номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінішті;
  2. жеке куәліктің көшірмесін;
  3. номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан артық бейнероликті (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
  4. конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1 минуттан аспайтын компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
  5. еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері (жұмыс орнынан анықтама);
  6. жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат.

 

Бар болған жағдайда (келесі құжаттардың көшірмелері):

- мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері

- біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).

 

Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

«Еңбек Жолы» конкурсын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес ресімделген үміткерлердің материалдарын аудандар мен қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қолма-қол ұсынуы қажет.

Еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ ынталы жас қызметкерлерді сондай-ақ олардың тәлімгерлерін Конкурсқа белсенді түрде қатысуға шақырамыз.