"Адал сайлау үшін" штабының мүшесі Думан Жампейісов елордада өткен брифингте Мәжіліс пен мәслихаттарға өтетін сайлауда бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді.
Заңгер дауыс беру күні әрбір сайлау учаскесінде бір уақытта еліміздің әрбір партиясынан, өзге аккредиттелген қоғамдық бірлестігінен, коммерциялық емес ұйымынан бір байқаушы қатысуға құқылы екенін атап өтті.
Бақылаушылардың құқығы бар:
1) сайлау комиссиясының отырысына қатысуға;
2) дауыс беруге, оның ішінде үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпарат алуға;
3) дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде тиісті сайлау учаскесінің дауыс беруге арналған үй-жайында болуға;
4) тасымалданатын сайлау жәшіктерін алып жүруге, оның ішінде оларды тасымалдау кезінде көлік құралында болуға;
5) дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте аталған барлық рәсімдерді нақты көру мүмкіндігін қамтамасыз ететін жағдайларда байқауға;
6) тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағымдануға;
7) сайлаушылардың дауыс беруге арналған үй-жайға келуі мүмкін болмаған жағдайда, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді өткізу кезінде қатысуға;
8) учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерін санауы және өтеуі кезінде қатысуға;
9) дауыс беру барысына және оның қорытындысын шығаруға кедергі келтірмей, фото -, аудио - және бейнежазбалар жасауға;
10) дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқауға;
11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға;
12) сайлау комиссиясы мүшелерінің назарын осы Конституциялық заң талаптарының бұзылуына аударуға, оларға тиісті жазбаша өтініштерді, бұзушылықтар туралы актілерді тапсыруға және тапсыру туралы белгілер алуға құқылы. Сайлау комиссиясының төрағасы, оны алмастыратын адам сенім білдірілген адамдардың, байқаушылардың өтініші бойынша өздері жасаған актілерді дауыстарды санау хаттамасына қоса беруге міндетті.
Бақылаушылар міндетті:
1) өзімен бірге олардың жеке басын және өкілеттіктерін куәландыратын құжаттардың болуы;
2) сайлау процесіне, дауыстарды санау және сайлау комиссиясының шешімдер қабылдау рәсіміне араласпауға;
3) сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасамауға;
4) сайлау комиссиясы төрағасының тиісті сайлау комиссиясы белгілеген сайлау учаскесіндегі мінез-құлық қағидаларын сақтау жөніндегі талаптарын орындауға міндетті;
5) өз ескертулерін құжатталған, жарамды және тексерілетін фактілерге негіздеуге міндетті;
6) Осы Конституциялық заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті;
7) ашық ойды сақтауға, нақты кандидатқа, саяси партияға артықшылық білдірмеуге міндетті.
Думан Жампейісов ҚР сайлау туралы заңнамасы бұзылған жағдайда байқаушы мен өзге де адамдар сайлау комиссиясының жазбаша нысанда қабылданған дәлелді шешімі бойынша дауыс беруге арналған үй-жайдан шығарылатынын айтты. Байқаушылар заңнаманы бұзған кезде тиісті сайлау комиссиясы байқаушыны тіркеуден шығаруға құқылы.
Ол сондай-ақ сайлауды бақылау үшін бақылаушыларға берілетін шарттар туралы айтты.
"Байқаушылар үшін сайлау жәшіктерін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналардың кіруі мен шығуын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс. Дауыс беруге арналған үй - жайда дауыстарды санау жүргізілетін үстелдер үй-жайда қатысып отырған барлық адамдар тарапынан УСК мүшелерінің іс-әрекеттеріне шолу қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады.дауыстарды санау кезінде қатысып отырған сенім білдірілген адамдар мен байқаушылар дауыстарды санауды қашықтықтан және бюллетеньдердегі белгілердің көрінуін қамтамасыз ететін жағдайларда бақылайды", - деп түйіндеді ол.