Зеренді ауданында ауыл әкімдерін сайлауы өтуде

Зеренді ауданында ауыл әкімдерін сайлауы өтуде

Бүгін 31 шілдеде, Зеренді ауданында таңғы жетіде төрт сайлау округінің сайлау учаскелері ашылды. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы үш ауылдық округте және бір ауылда өтеді. Олар ортақ ауылдық округі, Қызылегіз ауылдық округі, Қанай би ат. ауылдық округі және Айдабол ауылы. 1823 сайлаушы өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асыра алады.

Ауыл әкімін бұрынғыдай мәслихат депутаттары емес, тұрғындардың өздері таңдайды. Сонымен қатар, бюллетеньдерде «барлығына қарсы» деген баған бар.

Ауыл әкімінің тікелей сайлауын өткізуге 1 аумақтық және 7 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

Дауыс беру аяқталғаннан және дауыстарды санағаннан кейін сайлау қорытындылары үш күн ішінде шығарылуы тиіс. Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркейді, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіреді.

Ауыл әкімі төрт жылға сайланады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 25 мамырда «Қазақстандағы сайлау туралы» Конституциялық заңға түзетулерге қол қойды.

Бүгін Қазақстанда 27 ауылдық округте сайлау өтеді. Ал жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады.

2023 және 2024 жылдарға 1037 ауылдық округтерде сайлау жоспарланған. Жақын арада аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, жаңа конституциялық реформаға сәйкес, облыс әкімдері бүгін өңірлік мәслихаттар депутаттарының дауыс беру нәтижелері бойынша тағайындалады.

Осылайша, елдің саяси жүйесі дәйекті түрде өзгеруде, демократияның жаңа құралдары мемлекеттік басқаруға енгізілуде.