«Birgemiz»

«Birgemiz»

 «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) еліміздің азаматтық қоғамын дамыту миссиясымен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомстволық бағынысты ұйымы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды (бұдан әрі – ҮЕҰ) гранттық қаржыландыру саласындағы ұлттық оператор болып табылады. Орталықтың негізгі қызметі ҮЕҰ үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттарды беруді және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізуді қамтиды.

Гранттық қаржыландыруды жетілдіру мақсатында, Орталық Министрлікпен бірлесіп, «Birgemiz» краудсорсингтік платформасын (бұдан әрі – платформа) Орталықтың ресми сайтында іске қосты.

Бұл платформа елдегі және өңірлердегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ҮЕҰ өкілдері мен қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинауға арналған. Барлық жиналған ұсыныстар ұсынылған жобаларды іске асыру мүмкіндігіне талдау жүргізу және қарау үшін Министрлікке, жергілікті атқарушы органдарға және өзге де тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетін болады. Сондай-ақ, ұсыныстарды талдау нәтижелері 2023 жылға арналған әлеуметтік жобалардың басым тақырыптарын қалыптастыру үшін пайдаланылатын болады. Ұсыныстарды жинау тұрақты негізде жүргізіледі. Платформа Орталықтың сайтында мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://cisc.kz/15062022.