Су мәселесі басты назарда!

Су мәселесі басты назарда!

Ауыл тұрғындарын тыңдап, ауылдық жерлерді дамыту бойынша пікір алмасуға, сондай-ақ округ ауылдарын сумен жабдықтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысу үшін аудан әкімінің тапсырмасымен әкім орынбасары Ерлан Әбілтаев Ақкөл ауылдық округіне келді.

Ағымдағы жылы Ақкөл ауылдық округінде Молодежное, Ақкөл, Қазақстан ауылдарының су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Арнайы техникаларды жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілді, қарау құдықтарын орнату үшін аршу жұмыстары басталды, қажетті материалдар әкелініп, құдықтарды тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, су құбыры желілерінің жалпы ұзындығының бестен бір бөлігінде жаңа су құбырлары орнатылды.

Ауыл тұрғындарын қызықтыратын тағы бір маңызды мәселе-алдағы қысқы кезеңге мал азығымен қамтамасыз ету. Бұл мәселені шешу үшін округ "Намыс Групп" ЖШС, "Берекет 2050" ЖШС ауыл шаруашылық құрылымдарымен, сондай-ақ "Бұқпа" орман шаруашылығымен аталған шаруашылықтардың аумақтарында шөп шабуға рұқсат беру мүмкіндігімен шөппен қамтамасыз ету бойынша меморандум жасасты. Бастырғаннан кейін сабан барлық мұқтаж азаматтарға қалдырылады, ал зейнеткерлер, аз қамтылған және көп балалы отбасылар азықпен қамтамасыз етіледі.

Ауылдық жерлердегі ең өткір проблемаларды шешуге ықпал ететін жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде және бұл процесс жалғасатын болады.

Осыған байланысты мемлекеттің саясаты мен дамуындағы қоғамның рөлі шешуші деп атап өткіміз келеді. Сондықтан біз әрқашан сындарлы диалог пен пікір алмасуға ашықпыз. Егер Сізде кез-келген салада ауданды дамыту бойынша ұсыныстарыңыз болса, Сіздерді тыңдап, пікір алмасуға дайынбыз!