Қазақстанда постковидті оңалту курстарын қашықтан өтуге болады

Қазақстанда постковидті оңалту курстарын қашықтан өтуге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда постковидті оңалту курстарын қашықтан өтуге болады. Бұл туралы Оңалту көмегі жөніндегі ұлттық үйлестіруші Айгүл Хасенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер жағдайына қарай пациент оңалту орталығына немесе медициналық ұйымға жеткізілмесе, онда сауықтыру іс-шаралары қашықтан телеконсультация тәртібінде жүргізіледі. Осы орайда дәрігер ұялы байланыс арқылы осындай адамдармен байланысқа шығып, тыныс алу гимнастикасының тәсілдерін түсіндіретін және консультациялар беретін кездер болып жатады», - деді ол COVID-19-дан кейінгі оңалту мәселелеріне арналған онлайн дәріс барысында. Оның айтуынша, хаттамаға сәйкес дәрігерлер қашықтан консультация жүргізіп, пациенттер үшін ондайн режимде түсіндіре алады. Бұдаг бұрын хабарланғандай, ол Қазақстанда қандай аурулар кезінде оңалту көмегі ұсынылатынын айтқан еді. Сонымен қатар А. Хасенова коронавирустан кейін қандай науқастар оңалтумен қамтылатынын айтты.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-postkovidti-onaltu-kurstaryn-kashyktan-otuge-bolady_a3785267