Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толды

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толды

Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толды.

Карантиндік стандарттарға сәйкес аудан орталығында интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының Батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған ескерткішке салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Іс-шараға Зеренді ауданының әкімі Бауыржан Ғайса, сондай-ақ мемориалдың жанына жиналған ауған ардагерлері, интернационалист жауынгерлердің достары мен туыстары қатысты. Дәстүр бойынша қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.           

22 269 қазақстандық Ауғанстандағы соғыстан өтті, оның 924-і қайтыс болды, мыңнан астамы мүгедек болып, 21-і хабар-ошарсыз кетті. Жерлестер Әлібек Тәшібаев, Николай Горегляд, Иван Периков және Анатолий Тукиннің есімдері мәңгі есте қалады.           

Батырларға мәңгілік даңқ пен мәңгілік естелік!