Әдеп бойынша Уәкіл институты жұмыс істейді

Әдеп бойынша Уәкіл институты жұмыс істейді

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуын болдырмау және алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Этикалық кодекс мақсатында Зеренді ауданы әкімінің аппаратында әдеп бойынша Уәкіл институты жұмыс істейді. 2021 жылдың 8 ақпанынан бастап Зеренді ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің функцияларын орындау Зеренді ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы А. О. Оспановаға жүктелген. Зеренді ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдермен азаматтарды қабылдау апта сайын жұма күндері сағат 10.00-ден 11.00-ге дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға уақытылы кеңестік көмек көрсету мақсатында Зеренді ауданы әкімінің аппаратында сенім телефоны жұмыс істейді. Сенім телефоны 8(716-32)21-7-22. Сенім телефонына қоңырау шалу журналы бар.

Халықпен кері байланыс мақсатында Зеренді ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілдің мәліметтері (т.а. ә., телефон нөмірі, электрондық мекенжайы, қабылдау кестесі) Зеренді ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында, Зеренді ауданының жергілікті атқарушы органдарының ақпараттық стендтерінде орналастырылған.