Құрметті салымшылар!

Құрметті салымшылар!

Құрметті салымшылар!

Соңғы уақытта зейнетақы жинақтарын пайдалану және жеткіліктілік шегіне қатысты жалған ақпарат таратып, азаматтарды алдауға бағытталған алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға аты-жөнін атап хабарласуы, тіпті кейбір жеке мәліметтерді білуі мүмкін.

Осыған байланысты баршаңызды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырамыз.

Зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты тәулік бойы БЖЗҚ мобильді қосымшасы мен ресми сайтынан, сондай-ақ жұмыс уақытында 1418 байланыс орталығы арқылы тегін ала аласыз.

Назар аударыңыз!

БЖЗҚ қызметкерлері телефон арқылы, электрондық поштада немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк картасының деректерін және өзге де құпия ақпаратты сұратпайды.

Өзіңізді алаяқтардан қорғау үшін:

* SMS арқылы келген растау кодтарын, құпиясөздерді және жеке деректеріңізді бөгде адамдарға бермеңіз;

* қандай да бір кодты немесе құпия ақпаратты сұраған жағдайда әңгімені бірден тоқтатыңыз;

* белгісіз адамдардың қысымына еріп, асығыс шешім қабылдамаңыз;

* алынған ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.

Есте сақтаңыз!

Жеке және қаржылық деректердің қауіпсіздігі ең алдымен өз қолыңызда. Қырағылық танытып, құпия ақпаратты ешкімге бермеңіз және күмән тудырған жағдайда ақпараттың анықтығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз