Зеренділіктер – VIII республикалық Халық ойындарының қола жүлдегерлері!
2026 жыл – Зеренді футболының жеңіс жылы! Мамыр айында Ақмола облысының чемпионы атанған спортшыларымыз өңір намысын абыроймен қорғады. 12–19 маусым аралығында Түркістан қаласында VIII республикалық Халық ойындары аясында шағын футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ақмола облысының құрамасының негізгі бөлігін зеренділік футболшылар құрады. Жоғары дайындық және тартысты ойындар сериясынан сүрінбей өтті:
💪 Жетісу (0:0) және Қызылорда (2:2) облыстарының командаларымен кездесулерде табандылық танытты.
🔥 Турнир қожайындары – Түркістан облысын (2:1) және Астана қаласының мықты құрамасын (3:1) жеңді.
🛡️ Ширек финалда Абай облысының командасын 1:0 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Қола жүлде үшін өткен матчта жерлестеріміз жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, Ақтөбе құрамасын ырғағына жібермей, 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті!
Ақмола облысы құрамындағы 6 зеренділік ойыншы:
✨ Бақытжан Бауыржан
✨ Бақытжан Дәулет
✨ Ерғожа Ерназар
✨ Қалдқожа Жақсылық
✨ Елтай Елдәулет
✨ Теміртасов Медет
Жігіттерді осы тарихи жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз, ауызбіршіліктеріңіз бен жеңіске деген жігерлеріңіз – бүкіл ауданның мақтанышы! 🇰🇿🙌