«Ұлттық қор – балаларға»: қазақстандықтар тұрғын үйге және білім алуға 58 млн АҚШ долларына жуық қаражат жұмсады
Бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 миллион АҚШ долларына жуық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды.
Олардың ішінде:
▪️ тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 36,94 млн АҚШ доллары сомасына 201 245 өтініш орындалды;
▪️ білім беру ақысын төлеу үшін 20,94 млн АҚШ доллары сомасына 114 978 өтініш орындалды.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қаражат қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.